12:33 Білгенге - маржан | |
ҚЫЗЫҚТЫ ФОБИЯЛАР Сіз америкалық суретші-мультипликатор, режиссер Уолт Диснейдің тышқаннан қорыққанын білесіз бе? Яғни, музофобия. Бірақ Уолтер Дисней қорқынышына қарамастан, қоймадағы тышқандарды бақылай келе «Микки маус» мульткейіпкерін ойлап тапты. Сол сияқты америкалық әнші, XX ғасырдың танымал моделі Мэрилин Монро сахнаға шығуға қорықса, атақты «поп музыка королі» Майкл Джексон иттерден қорқатын болған. Сол сияқты актриса Кристен Стюарт «Белоснежка и охотник» кинокартинасына түсу үшін өзінің гипофобиясын (жылқыдан қорқу) жеңіп шыққан. Тіпті әлемді жаулап алғысы келген, фашистік бағытты ұстанған Адольф Гитлер мен Наполеон Бонапарт, Юлий Цезарь сынды қатыгез қолбасшылардың мысықтан қорыққандығына сену қиын. Мұхит аспай-ақ, Қазақстанның шоу бизнесіндегі әншілердің фобиясына тоқталсақ, Меруерт Түсіпбаева судан, Шахизада жалғыз қалудан, Жұбаныш Жексенұлы жыланнан, Айгүл Иманбаева иттен қорқатындықтарын жасырмайды. Иә, мұндай фобия түрлерінен қорқатындар баршылық. Ал сіз «ақылға сыймайтын» қызық әрі оғаш фобия түрлерін білесіз бе?
Ғалымдардың зерттеуінше кейбір адамдар қорқынышының жоқ болуынан да қорқады екен. Ал бұл ғылымда «афобофобия» деп аталады. Демек, еш нәрседен сескенбеймін дейтін жанның да фобиясы болуы мүмкін. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |