23:19
Білгенге - маржан

ДӘЛЕЛДЕНГЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТІЛЕР

Әйелдің достарының көпшілігі ер адам болса, көбінесе көтеріңкі көңіл күймен жүреді.

 

Бірнеше тіл білетін адамдар күнделікті тілінен өзге тілде сөйлегенде  еркінен тыс басқа адамға айналып, өзгеріп шыға келуі ғажап емес.

 

Тым ұзақ уақыт жалғызілікті болудың зияны күніне 15 темекі шеккенмен бірдей.

 

Саяхат жасау ақыл-ой саулығына кепіл болады әрі жүрек талмасы мен күйзелістің де алдын алады.

 

Адамдар өзінің шын мәнінде не қалайтынын құлшыныспен айтқан кезінде аса тартымды көрінеді.

 

Түн ішінде мазасыз ойлардан ұйқыңыз қашса, оны дереу қағазға түсіріңіз. Сонда ойыңыз жинақталып, миыңыз жеңілдейді.

 

Қайырлы таң және қайырлы түн тілеп жазылған смс ми жұмысына әсер етіп, ағзадағы бақыт гормондарын көбейтеді. Ол смс кімнен келгені аса маңызды емес.

 

Өзгелерді бақытқа бөлегісі кеп, үнемі жақсылық жасап жүретін адам көп жағдайда соңында жалғыздық сезінеді. Жаныңызға үрей туғызатын іспен айналыссаңыз, бақыттырақ бола түсесіз.

 

Сүйікті адамымыздың қолынан ұстаған кезде жанымыз да, тәніміз де ауырғаны бәсеңсиді, уайымымыз да азаяды.

 

Әйел адамның құпияны іште сақтай алу ұзақтығы шамамен 47 сағат 15 минуттан аспайды екен.

 

Бақытты болған сайын ұйқыға мұқтаждығымыз азая түседі.

 

Адам досымен некелессе, махаббаты берік болатыны дәлелденген, ал ажырасу ықтималдығы 70 пайызға қысқарады.

 

Адамның ақыл-ойы артқан сайын достары да азая түседі.

 

Зеректілік қабілеті артқан сайын тез ойланатын болады және жазуы түсініксіздене бастайды.

 

Кінәлілік сезімі жақсы дамыған адам өзгелердің эмоциясын жақсы ажыратады.

 

Адамдармен ашық араласа алмайтын адамдар өзі туралы көп нәрсе айта алмайды, бірақ сіз ол туралы көп білетіндей әрекеттерге бара алады.

 

Алғашқы кездесуде қарсы отырған адам туралы көп нәрсе білуге болады. Тек оның даяшымен қалай сөйлескенін жақсылап бақылап отырсаңыз болғаны.

 

Адам жоғары жиіліктегі әуен тыңдаған кезде барынша сабырлы, байыпты, бақытты күйге енеді.

16-28 жас аралығында туған достық берік те баянды болатын көрінеді.

 

Әдетте өмірден көп қиындық көрген адам жақсы кеңес бере біледі.

 

Әйелдер баяу қарлыққан дауысты жігіттерге қызығады. Себебі оны өзіне сенімді, аса ашуға берілмейтін жан ретінде көреді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 331 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: