14:39 Білгенге - маржан | |
ӘР АДАМ ЖІБЕРЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР Әлбетте, кей қателіктің салдары жақсы болып, сол әрекетімізді тағы бір мәрте қайталағымыз келетіндей сәттер болады. Алайда өмір бойы өкіндіретін қателіктер де жоқ емес. Жер бетіндегі тіршілік ұзақ уақыт бойы жалғасып келеді. Осының салдарынан жаңа дүние ойлап табуға болмайтындай көрінеді. Жер шары бір орында тұрмайды. Күн сайын жаңа гаджеттер құрастырылып, ондаған жаңалық ашылуда. Төменде адам баласы жіберетін 5 қателік жазылған. Сіз ол қателіктерден бойыңызды аулақ ұстайсыз деген ниеттеміз. Естеліктердің барлығын жадынан шығарса, көп адам бақытты болатын еді. Сол кезде еш нәрсеге қарамастан тек алға жылжуды ғана ойлайды. Ал кейбірі ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруді жөн көреді. Адамдар мен олардың мүмкіндіктері әртүрлі. Біз дәл қазір қоғам ойлап тапқан ережелерді емес, алдымызға қойған мақсаттар туралы айтып жатырмыз. Бақыт, шіркін! Бізге өткен өміріміздегі тәтті естеліктерді ұсынса да, үнемі жаңа қадамдарымызға кедергі жасап тұрады. Бақытты өткен шақтың арқасында бүгінге күнге жеттік. Ол өмірімізде елеулі орын алады. Нағыз бақыт өмір сүруде. Ал өмір дегеніміз – көзді ашып, жұмғанша өте шығатын қас қағым сәт қана.
Нар тәуекелден қорқу «Титаникті» өз ісінің шеберлері, ал құтқарушылар кемесін әуесқойлар құрастырған» деген сөздер таныс болар. Кейде нар тәуекелге ешбір жоспарсыз бару арқылы адамзат тарихында қалып, атағымыз жер жарады. Мысалы, «Гарри Поттер» кітабының авторы Джоан Роулингті алыңызшы. Ол бірнеше жыл бойы кітабын басып шығаратын агенттік іздеп жүрген. «Жоқ» сөзін 12 мәрте естісе де, мақсатына жету үшін тынбай еңбектенген. Ал қазір оның кітабын балалар мен ересектер ынтыға оқиды. Буырқанған тіршіліктің арасында өмір сүретін жандар болады. Олар реалист болса да, ойға сыймайтын идеяларды айтуға құмартып тұрады. Мұндай адамдар тұтқаны көтермей қойған кезде қандай ессіз әрекеттер жасап жүр екен деген ой келеді. Олар дәл осы уақытта балалар үйіне барып, үй тапсырмасын жасауға көмектесіп отырулары да ғажап емес. Көзіңізді жұмып, дәл қазір не істегіңіз келетіндігі туралы ойлап көріңізші. Мүмкін балмұздақ жегіңіз келетін шығар? Оны жегіңіз келсе, барып сатып алыңыз. Кезекті демалысқа шығуды армандап жүрсіз бе? Бұл арманыңызға жету үшін жоспар құрыңыз. Өмірлік жарыңызды жолықтырғыңыз келе ме? Адамдармен ортақ тақырыпта әңгіме-дүкен құрып, алғашқы сезімнен ләззат алыңыз. Жасқанбаңыз. Қолда бардың қадірін білмейтініміз рас. Бұл сөздің құлаққа жауыр естілетінін білеміз, десе де астарында ойлануға тұрарлық көп сыр жатыр. Біз үнемі маңайымызда жатқан алтынды көрмей, оны өзге жерден іздейміз деп әуреге салынамыз. Адамдарды мәңгілік жанымызда жүре береді деп ойлаймыз. Бір сәттік ашуға бой алдырып, телефон тұтқасын қоя саламыз. Бізді айналамыздағының барлығы бақытты етеді. Қоршаған әлем – жан дүниеміздің айнасы. Ойымызды тазарту арқылы кемелдене түсеміз. Адамдар бақыт ақшада емес екеніне өздерін сендірсе де, үнемі көп ақша табуға ұмтылады. Кейде соңғы рет қашан бала-шағасының маңдайынан құшырлана сүйгенін ұмытып, күні-түні жұмыста болады. Мына заманда ақшасыз өмір сүру мүмкін емес. Кейбір адам бақытты ғұмыр кешу үшін жұмыс істесе, енді бірі жұмысты өмірдің мәніне айналдырып жібереді. Осы екеуінің ара-жігін ажырату қиын болса да, дұрыс таңдау жасауға тырысу керек. Ал Сіз дәл осылай қателесіп көрдіңіз бе? әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |