16:46
Білгенге - маржан

БАЛМҰЗДАҚТЫҢ ПАЙДАСЫ БАР

Балалық шақта балмұздаққа әуестенбеген адам жоқ шығар. Бәріміз де балмұздақты күннің аптап ыстығы тұрмақ ауа райының салқын мезгілдерінде тұтынуды күнделікті дағдымызға айналдырғанымыз белгілі.

 Жалпы, балмұздақтың құрамы майлылығы 10 пайыз сүт, құрғатылған сүт (9-12%), сонымен қоса протеин, лактоза, қант (12-16%), бояу қоспалары (0,2-0,5%) және судан (55-64%) тұрады.

 Бір ғана құтыдағы балмұздақтан 270-тен 375 калорияны кездестіруге болады. Бүгінде шоколад, жаңғақ, жеміс-жидек, тосап, карамель, тәтті тоқаш, банан шырыны секілді дәмдеуіштер қосылған түрлі балмұздақтарды кездестіруге болады.

 Балмұздақ шамамен сүтті, кілегейлі, пломбирлі және жеміс-жидекті болып бөлінеді. Оның ішінде майлылығы өте төмен көрсеткіште сүтті, ал жеміс-жидекті балмұздақтан майды кездестіру мүмкін емес.

 Балдай тәтті дәмімен тіл үйіргенімен қоса тамақты қабындыратын бұл тәттінің кейде адам ағзасына пайдасы да бар екен. Оның бір сыры тәтті құрамындағы инулинде жатыр.

 Инулин — майлылығы басым балмұздақтың орнын басатын қоспа. Мұның бірден-бір пайдасы ағзадағы майлылықты азайтады. Сонымен қатар құрамы лактоза, калций, магний секілді түрлі дәрумендермен бірге ацидофильді қоспалармен байытылған балмұздақтың пайдасы асқазан, ішек жолдарының жұмыс істеу қабілетін жақсартып, микрофлораның артуына септігін тигізеді екен. Бұдан бөлек жүрек-қан тамырларының жұмысын, көз-тері қабілеттерін жақсартады.

 Демек, тәттіні балалардан бастап қарияға дейін тұтынғанның зияны жоқ. Денсаулыққа пайдалы тұстары да баршылық. Тек шамадан тыс жеуге де болмайтынын есте сақтаңыз.

 Балмұздаққа деген құмарлығымыздың тағы бір себебі – серотин. Бұл қоспаның адам ағзасын сергек сезінтіп, жағымды көңіл-күй сыйлайтын қасиеттері бар. Әсіресе көңіл-күйі түсіңкі, жан күйзелісінде жүрген адамдарға таптырмайтын ем дейді мамандар.
 Балалықтың бал дәмін еске түсіретін балмұздаққа деген қызығушылығымыздың артып, күнделікті тұтынуымыздың бірден-бір сыры осында жатыр екен.

 Балмұздақ дайындау тәсілі:
Күннің ыстығында балмұздақ жегенді кім ұнатпайды? Осы балмұздақты үй жағдайында да жасауға болады. Е
ндеше, дәмді балмұздақты жасап үйренейік.
Қажетті заттар:

  •  1 литр сүт
  •  2 кесе шекер
  •  100 гр сары май
  •  1 шәй қасық крахмал
  •  5 жұмыртқа сарысы

Дайындалуы:
Сүтке сары майды салып отқа қоямыз. Қайнауы қажет.
Басқа ыдысқа шекер, крахмал, сарыуызды салып, миксермен араластырамыз.Араласқан соң оған керегінше сүт қосамыз. Оның сұйықтығы қаймақ сияқты болуы керек.
Оны қайнаған сүтімізге аз
-аздан салып, ұдайы араластырып тұрамыз. Қайнаған соң оттан түсіріп, ыдысымызды салқын суға салып суығанша қозғаймыз. Суыған сон қалыпқа салып тоңазытқышқа қоямыз.
 Балмұздақ дайын. Ас болсын! 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 341 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: