ЕГЕР ҚАЛАҒАҢЫЗ КЕЛСЕ
- Азға – қанағат;
- Барға – тәубе;
- Жоққа – сабыр;
- Тойсаң – тоба;
- Ауырға – төзім;
- Жақсылыққа – алғыс;
- Жамандыққа – қарғыс;
- Болашаққа – сенім;
- Жетістікке – үміт;
- Өткенге – салауат;
- Қалғанға – береке;
- Басқа – амандық;
- Денге – саулық тілеңіз.
ЕГЕР САҚТАНҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ
- Достың күлкісінен сақтан;
- Дұшпанның табасынан сақтан,
- Жаманың жаласынан сақтан;
- Пәлеқордың пәлесінен сақтан;
- Астың аласынан сақтан;
- Ұшынған өрттен сақтан;
- Дауасыз дерттен сақтан;
- Тасыған судан сақтан,
- Екі жүзді қудан сақтан,
- Шайтанның азғыруынан сақтан,
- Арақтың аздыруынан сақтан;
- Аса байлықтан сақтан;
- Сайқал қатыннан сақтан;
- Есуас әкімнен сақтан;
- Ата-анаға – кінәлі болудан сақтан;
- Дін алдында күнәлі болудан сақтан.
ЕГЕР АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ
- Жұрттың алғысын;
- Қарттың батасын;
- Кішінің сәлемін;
- Көптің сенімін;
- Тәлімдіден тәрбие;
- Ғалымнан ғылым, білім;
- Жомарттан байғазы;
- Мәрттен сүйінші;
- Жерден – қуат;
- Көктен – нұр алыңыз.
ЕГЕР БЕРГІҢІЗ КЕЛСЕ
- Қуансаң – той;
- Қорықсаң – «ақсарбас»;
- Шошысаң – құдайы;
- Ауырсаң – садақа;
- Байсаң – шүлен;
- Оразада – пітір;
- Малдан – зекет;
- Олжаңнан – тәбәрік;
- Шөлдегенде – су;
- Шалдыққанға – көлік беріңіз.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Павлодар қаласы
|