ЕГЕР СЫЙЛАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ
- Үлкенге – сәлем;
- Қуантқанға – сүйінші;
- Соғымнан – сыбаға;
- Егіннен – кеусен;
- Малдан – көгендік;
- Балаға – базарлық;
- Киімге – байғазы;
- Сәбиге – көрімдік;
- Төркіндеген қызға – қалау;
- Көрші қонғанға – ерулік;
- Көшкенге – «айырылысар көже»;
- Досқа – ескерткіш;
- Жетім-жесірге – қолқайыр;
- Мүсәпірге – садақа;
- Алғашқы қымыздан – «қымызмұрындық»;
- Соңғы қымыздан – «сірге жияр»;
- Дәулетіңізден шүлен таратып бересіз;
- Тойға – тойхана;
- Құдалыққа – киіт;
- Үйлену тойына – немеурін;
- Азаматқа – сыйлық;
- Қуанышқа – шашу;
- Сағынғанда – сәлемдеме;
- Асқа – саба (қымыз), сойыс;
- Қазаға – аза апарасыз.
ЕГЕР СҰРАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ
- Алладан – денсаулығыңызды;
- Пайғамбардан – шапағат;
- Қыдырдан – бата;
- Әруақтан – желеп-жебеуін;
- Данадан – өнеге, білім;
- Батырдан – сауға;
- Аңшыдан – сыралғы;
- Қарттың – хал-жайын;
- Жетімнің – жай-күйін;
- Саудың – амандығын;
- Аурудың – көңілін;
- Туыс-туғанның – бүтіндігін;
- Олжадан – тәбәрік;
- Қонақтан – «бұйымтайын» сұраңыз.
ЕГЕР БІЛГІҢІЗ КЕЛСЕ
- Ата – даналық;
- Әке – тау;
- Ана – бұлақ;
- Апа – тілек;
- Аға – қанат;
- Іні – тірек;
- Бала – бақыт;
- Ұл – мұрагер;
- Қыз – өріс;
- Нағашы – сүйеніш;
- Жер – тіршілік;
- Жылқы – мақтан;
- Түйе – салтанат;
- Сиыр – қанағат;
- Қайын – қанағат;
- Туыс – қорғаныш;
- Жастық – қызық;
- Азаматтық – дәурен;
- Жомарттық – барлық;
- Мәрттік – ерлік;
- Қайырым – азаматтық;
- Су – өмір;
- Қазына – байлық;
- Тіл – тереңдік;
- Білім – шексіз;
- Ақыл – артық;
- Қой – қазына;
- Байлық – мұра;
- Өнер – мәңгілік;
- Дін – сенім.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Павлодар қаласы
|