16:38
Білгенге - маржан
 

БІЛІМДЕНУДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕЛЕР

Акмеология – грек тілінен аударғанда «шың», «биіктік» деген мағынаны білдіреді. Адамның дамуы мен тіршілік әрекеті барысындағы биіктіктерге шығуын қарастыратын ілім.

Аксиология – құндылықтар және құндылық мінез-құлық жайлы ілім, адамдар ісіндегі мотивация, адами әрекеттердің мәнді ұстанымдары жайлы философиялық теория.

Интериоризация – адамның өз-өзін ішкі бағалау арқылы өсу, даму қарқынын межелеуі.

Суггестив теориясы – адам меңгеруге тиісті білімін эмоционалды және сергек қалыпта жияды, сөйтіп өзінің еске сақтау қабілетін ең жоғары дәрежеге бағдарлайды.

Модернизация – француз тілінен аударғанда «қазіргі», «жетілген» деген мағынаны білдіреді.

Стохастикалық парадигма – «мүмкіндік теориясы» жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызады, әрбір ғылыми нысанның теориялық-ғылыми тірек көздері өздігінен жұмыс жүргізе алу мүмкіндігіне сай жобалап беруімен оқшауланады.

Стохастика – белгісіз деген мағынаны білдіреді.

Паритет – теңестік, тепе-теңдік қағидасы деген ұғымды білдіреді.

Индикаторлар – оқушылардың оқу дайындығы деңгейіне қол жеткізудің сандық және сапалық сипаттары алдын ала берілген белгілері бойынша айқындаудың құралдары мен тәсідері.

Креативтілік – өнімді әрекет етуге дайын болу, жаңалық ашуға дайындығын көрсететін, индивидтің тұлғалық сапасы. Креативтілік әрекеттің жұмысқа деген тұрақты мотивтерінің болуы.

Детерминизм – латыншадан аударғанда «анықтаймын», жаратылыс құбылыстары мен адамның ішкі дүниесінің объективті заңды өзара байланысы мен өзара шарттастығы туралы философиялық ілім.

Генезис – грек тілінен аударғанда «шығу», «пайда болу», жалпы философияда көбінесе ескінің негізінде жаңаның алғышарттарының пайда болуы.

Инноватика – жаңа білімнің жасалу, меңгеру және енгізу үдерісін зерттейтін ғылыми білімнің саласы.

Педагогикалық инноватика – педагогикалық жаңалықтарды жасау, педагогикалық қоғамдастықтыңоны меңгеру мен бағалауы, тәжірибеде пайдалануы және қолдануы туралы ілім.

Құзыреттілік тұрғы – мақсаттарды анықтау, мазмұнды іріктеу, білім беру үдерісін ұйымдастыру, білімдендіру технологиясын таңдау, нәтижені бағалау.

Эмпатия – грек тілінен аударғанда «әсерлену», өзге адамдардың жан дүниесінің сырымен жай күйін білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру.

Эмпиризм – грек тілінен аударғанда «тәжірибе», дүние танудың бірден-бір көзі – түйсіну және сезімдіктәжірибе деп түсінетін философиялық бағыт.

Феномен әдеттен тыс, ерекше факт, құбылыс.

Праксеология – әлеуметтік іс-қимыл мен әрекет жайлы философиялық және әлеуметтанымдық ілім. Адамдардың практикалық әрекетін зерттеу әдісі ретінде поляк ғалымы Т.Котарьбинский негіздеген.

Педагогикалық неология – білім беру жүйесінде жаңалық жасалуы туралы ілім.

Гипотеза – болжам, мүмкіндік. Болжам – нақты дәлелденбеген тұжырымдар мен тәжірибелер. Ғылыми зерттеу барысында болжам дәлелденеді, шындыққа айналады. Болжам – «менің ойымша», «мүмкін», «егер солай болғанда» деген сөздермен басталады.

Жоба – жасауға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге тиісті нысандардың макеттері, есептеулері және ұстанымды дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар. Жоба болашақ жоспар негізінде жасалып, қабылданады.

Жобалау әдісі – оқушыны бірте-бірте күрделене түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі.

Синергетика – бірлесіп әрекеттесу, ынтымақтасу немесе өзін-өзі дамыту теориясы. Педагогика үшін эвристикалық мәні бар тұлғаны дамытудың әмбебап үлгілерін іздеуге бағытталғанкүрделі жүйе.

Педагог-тьютор – оқушылардың дамуына жетекшілік жасаушы, жұмыс предметі – оқушының өзін-өзі анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі жүзегеасыру үдерісі. Оқушының дербесдамуы үшін жеке бағдарлама жасап, оны жаңа әрекетке енгізуді іске асырады.

Фасилитация бағыт-бағдар беру, көмектесу.

Педагог-фасилитатор – мектепте: проектілік, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, ақпараттық, аналитикалық-диагностикалық кәсіби құзыреттілігі жетілген маман. Ол өздігінен бейімді – дамытушылық білімдендіру үдерісінің нәтижесін жобалайды; оған жетудің тәсілдерін анықтап, мониторинг негізінде зерттеушілік әрекетті іске асырады. Қолдаушы, себепші, көмекші, бағыттаушы.

Перцептуалдық әр оқушының қабылдау әдісі.

Апперсепселік – түйістеу, жинақтау,адамның білімді іштей жинап, «есте сақта» жүйесіне ауыстырып алуы, интеллектуалдық әлеуетін түйістеу әдісі.

ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫНЫҢ

ПҚБАИ курстағы «Жұмыс дәптерінен»

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 2309 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: