20:50 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Оразақын Асқар Бас бата Соғыстың беті болсыншы әрі, Ренжімесін өміріне кәрі. Бауыр етіміз балалар түгіл, Сатылмасын құс балапандары! Румен бірге ұлт өзін сыйлап, Қастерлесін асылын жинап. Алаштың азаматтары бір ауызды болсын, Шығара бермей бүйректен сирақ! Банктер де теңгені топтайтын болсын, Сыбайлас жемқорлық тоқтайтын болсын. Ұлт араздығы ешқашан болмағанындай Дағдарыс та бізге соқпайтын болсын! Адалдықты ел жақтайтын болсын, Арамдық қолдау таппайтын болсын. Эбола деген аты өшкір ауру, Енді ешкімге жұқпайтын болсын! Әйелдер пәренже жамылмайтын болсын, Ұрпағымыз ислам дінін ғана қабылдайтын болсын. Дәстүрлі дінімізді бұрмалаушыларға Ортамыздан орын табылмайтын болсын! Еркектер де темекі тартпайтын болсын, Әйелдер иба сақтайтын болсын. Өз үйі – өлең төсегі барлар Кез келген жерге жатпайтын болсын! Балаларымыздың бағы жансын, Қалаған білімін алсын. Тілін, дінін, дәстүрін біліп, Он саусағынан өнері тамсын! Мәдениетіміз мәнді болсын, Тұрмысымыз сәнді болсын. Бәрін айт та, бірін айт, Дербестігіміз мәңгі болсын! баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
