00:21 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Керей Тоқсан бидің батасы Қарада Қазыбектей бақытты бол, Ақсүйек ахметтей тақытты бол! Жаппаста Жарасбайдай түйелі бол, Қыпшақта Кенебайдай биелі бол. Керейде Жәнібектей ақшалы бол, Бұғының мүйізіндей шақшалы бол. Нәсілің Құрайыштың ғибласындай, Қожахмет Йассаудей киелі бол. Сері Ғалы арыстандай балалы бол, Бір түнде бес жүз намаз ада қылған, Шапатлы Батимадай аналы бол. Шақшақта Қазыбектей аталы бол, Ұлы жүз Сәуенедей баталы бол. Абылайдан кем болмасын Жұмсаған Алатауға сансыз мың қол. Тәуфікте төрт ғиблан түгел болсын, «Әумин» деп қолыңды жай, айтарым сол. Болғанда тағам сізден, ықлас бізден, Енді қандай тілейсіз бата бізден?! Әумин!
* * *
Әбдірахман Өлмесқұлының батасы А, Құдайым, оңдасын, Оңдағанның белгісі, Қайырлы етіп басыңа Бақ пен Қыдыр орнасын. Дұшпаның үстем болмасын. Әулие, аруақ көтеріп, Ғайып Ерен, Қырық шілтен қолдасын. Маңайың үбірлі-шүбірлі болсын. Оларға және ғұмыр берсін, Аузындағы сөзі дуалы болсын, Тең құрбыларының алды болсын. Келген Қыдыр кетпесін, Жамандық келіп жетпесін. Сапар жүрсең, жолың болсын, Қалтаң толған пұлың болсын. Жарылқасын қорғаушың, Ғажайып әулиедей пірің болсын! Иынышты халқымызға заман болсын. Табиғат таусылмайтын ризық берсін, Тартылған дастарқанда тағам болсын. Абырой, амандығың арта берсін, Бақ-дәулет мал-жаныңа қоса берсін. Ер жетіп, балаларың батыр болып, Өмірлері қызықты бола берсін.үйіңе жақсы адамдар келе берсін. Тауфықты, инабатты келін берсін. Ақ көңіл, ата-анаға жақын болып, Қызығын ел-жұрттың көре берсін! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |