23:23 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Қаңжығалы Асаубайдың батасы Көтер білекті, Берсін тілекті. Әуелі құдай оңдасын, Әжді-әулие қолдасын. Қызыр менен Қырық шілтен, Пірің болсын – жолдасың. Асада жұртқа барғанда, Қадірлі болсын өз басың. Сегіз інген боталап, Сексен саулық қоздасын. Сегіз келін қоңдасын, Сені көздеген дұшпанды Бір Алла өзі жондасын. Дәрежең аса берсін, Дұшпаның саса юерсін. Сені көздеген дұшпанды Пәлекет баса берсін! Аллаң жар болсын! Фатихам қабыл болсын. Кеткенің келіп, Кемтігің толсын! Әумин!
* * *
Бекентайдың батасы Әуелі Құдайым оңдасын, Оң жолына бастасын. Ғайып Ерен Қырық шілтен Қолдаушың боп қорғасын. Малың менен басыңа Еш жамандық болмасын. Бақыт берсін басыңа, Береке берсін асыңа, Келмесін дұшпан қасыңа. Бата беруші біздерден болсын, Қабылдаушы Құдайдан болсын. Ішкенің адал болсын, Айтқаның әділ болсын. Таразылы, берекелі бол, Ақ жүзді кеңпейіл бол. Қаз дауысты Қазыбек, Қара балуан Жәнібек, Адассаң жолға сала жүрсін, Пәле-жаладан қаға жүрсін. Түркебай атам аруағы қолдасын, Баталы ата торласын. Дастарқанға бал төксін, Қызыл ала нар шөксін. Бақ қарасын, Қыдыр дарысын. Берген батам қабыл боп, Жарылқасын Құдайым. Аллауакбар! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |