01:31 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Тұсаукесерде берілетін бата Тұсауың кесілді, құлама, Тізеңді жаралап жылама. Құлындай құлдырап жүгірші, Кәнеки, өзіңді сына да. Секірсең құздардан сүрінбе, Шыңдарға шыққанда бүгілме. Болаттай қабырғаң қатайып, От ұшқын ойнасын түріңде, Ұзақ боп Иншалла өмірің, Тасысын шаттықтан көңілің. Жарқырап күн санап өсе бер, Жарқырап семсердей сенімің! Әумин!
* * *
О, халайық, қол жайып, Той тілеуін қолдайық. Ата-баба заңдарын, Барша ағайын қорғайық. Тоқ ішек пен ала жіп, Жасыл шөппен жарасып. Үш түрменен кесейік, Тұсауды біз санасып. Әл-қуатын білетін, Қуаныш қылып күлетін. Жүйрік болсын балаңыз, Мыңнан озып жүретін. Қамқор болып халқына, Берік болсын антына. Есейгенде қымбатты, Сыйлы болсын жалпыға. Бүлдіршінім танып ал, Көп тілеуін қабыл ал. Тіл мен көзден сақтасын, Бойға тұмар тағып ал. Қызықтарың халайық, Той-думан ғып тарайық. Балақайым өссе екен, Ел-жұртына лайық! Әумин! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |