23:52 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Шілдехана батасы Нәрестенің бауы берік болсын, Ата-анасына серік болсын! Азамат болып ер жетсін, Ақсақал болып төрлетсін. Жігіт болсын көрікті, Жарасқан әсем көлікті. Дос-жараны көп болып, Жақсыдан жисын серікті. Азамат болсын ардақты, Мінезі болсын салмақты. Топқа түссе тосылмас, Өнері болсын жан-жақты! Аллауакбар!
* * * Тұсаукесерде берілетін бата Жас ұрақ өмірлі болсын, Тұрмысы көңілді болсын. Ата-анаға мейірлі болсын, Ағайын-туысқа пейілді болсын. Өнеге-білімге зейінді болсын, Он саусағы майысқан шебер болсын. Ел қорғайтын батыр болсын, Шындықты айтар ақын болсын. Халқым деген жүрегі болсын, Жұртының қамқор тірегі болсын. Абыройы өрлесін, Жаманшылық көрмесін! Әумин! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |