11:13 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Жамбылдың Бауыржан Момышұлына берген батасы Батырдың жолы болсын! Самсаған қолы болсын! Түсі де суық екен, Ісі де долы болсын! Аллауакбар!
* * * Қарияларға бата Түндерің тыныш болсын, Үйлеріңе ырыс толсын! Келіндерің есті болсын, Ұлдарың сесті болсын. Балаларың қуаныш әкелсін, Немерелер жұбаныш әкелсін. Орындарың төр болсын, Дастарқандарың мол болсын. Қатарларың көп болсын, Уайым-қайғыларың жоқ болсын. Жастардың қазасын көрмеңдер. Зұлымдардың жаласын көрмеңдер! Еліңде бірлік болсын, Жарасты тірлік болсын! Әумин! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |