22:17 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Алтынға балар тастарың, Алтайың бағың – асқарың. Соның күллі қызығын Көре берсін жастарың! Біріңе-бірің қорған бол, Бүлінбесін бастарың. Темір торға түссең де, Дос-жаранды сатпағын! Жұлдызың жансын төбеңде, Бірақ асып-таспағын! Қариялар ақылмен Елді ілгері бастағын! Тосқауылға торықпай, Жолдан алып тастағын! Көк желкесі үзіліп, Жер жастансын қастарың! Айың тусын жарқырап, Нұрға толсын аспаның!
* * *
Сарыбай бидің Жамбылға берген батасы Ау, Жамбыл, бата сұрап келіп қапсың, Қобыз тастап, қолыңа домбыра апсың. Өлеңіңнің арасынан қыл өтпесін, Алдыңнан інжу-маржан өзен ақсын. Жамбыл-ау, Екей елі – өлең деген, Жел сөзге әрбір қазақ елеңдеген. Көзіңде – от, көкірегіңде жырың тұнық, Түбінде ақын шығад сенен кенен. Екецйдің аты шыққан өлеңменен, Ірі ақын мойны озық көрем сенен,ъ Сүйінбайдың сөзін жалғар – алтын көмбе, Батамды түбі саған берем деген. Ер бол! Елдің өзегі бол! Ел-жұрттың жүрегі бол! Көпті ойлар тірегі бол! Көпшілікпен көбейесің Арқа сүйер, білегі бол! Жұртым десең жарылқасын Менің берер тілегім сол! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |