11:10 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Ағайындар, туғандар, Жүрген жерің Нұр болсын. Тыңдағаның жыр болсын. Жолымыз басқа болғанмен Тілегіміз бір болсын. Әуелі Алла оңдасын, Оң жағынан толғасын, Жан-жағынан қорғасын. Бақ пен дәулет қатар кеп, Мыңғырып өссін мал-басың. Ұрпағымыз мол болсын, Қайда барса жол болсын, Қария мен қарт әже Ақ тілегі оң болсын. Жаппар ием, Құдірет, Айтқан сөзім қабыл ет, Қазынасы кең Құдайым, Орындала ақ тілек, Ағайын, бауыр, жақындар, Сәл-сәл ғана сабыр ет. Аллауакбар!
* * *
Әсеттің батасы Ал, батамды берейін, Арта берсін мерейің. Қойға толып өрісің, Алшы түссін кенейің. Құлын-тайың шұрқырап, Тассын бағың, меерйің! Басыңа бұлт қонбасын, Өмір гүлің солмасын! Төбеңе күн ұялап, Тірлігіңді оңдасын! Қиындыққа қайыспа, Арың болсын жолдасың! Ел бастасаң батыр боп, Ер Жәнібек қолдасын! Дұшпандарың жер шұқып, Сағы сынып сорласын! Судай тасып дәулетің, Еш жамандық болмасын! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |