22:23 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Төле бидің Қазыбек биге берген батасы Атасызға ата бол! Батасызға бата бол! Арып-ашқан ғаріптің Жел жағына жота бол! Панасызға пана бол, Кек сақтамас бала бол! Дос сүйініп, қас сыйлар, Асу бермес дана бол!
* * *
Сүйінбай ақынның Жамбылға берген батасы О, Жамбыл, бата дедің, бердім саған, Бақытты, өмірлі бол, жүргін аман. Батасын ат орнына берді ғой деп, Қоймағын былай шығып кінә маған. Соңынан Сүйінбайдың орнын басып, Тіліңнен балың тамсын сорғалаған. Жапаға, риза болсын, айта барғын, Осымен өкпелей жүрсін маған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |