11:42
Бата. Тілек. Өсиет.

БАТА-ТІЛЕКТЕР

Халық бата-тілегі

Жастарға бата

Берекең ешбір қашпасын,

Беліңді ешкім баспасын,

Адал болып алғаның,

Арыңды күлдей шашпасын.

Бақыт болса бастасын,

Мейманың, сірә, таспасын,

Тірлікте түзу жол тапсаң,

Тәңірім берер басқасын!

Әумин!

 

* * *

 

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарқаның мол болсын,

Абыройың зор болсын.

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмасын сағыңды,

Дұшпандарың жер болсын.

Жортқанда жолың болсын.

Жолдасың Қыдыр болсын

Отбасың басқа толсын,

Қазаның асқа толсын,

Өрісің малға толсын,

Басыңа бақыт қонсын.

Ел-жұртың аман болсын,

Бақытты заман болсын,

Үйіңе береке кіре берсін,

Бала-шағаң, туыстарың

Бақытты өмір сүре берсін!

Әумин!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: