23:58
Бата. Тілек. Өсиет.

БАТА-ТІЛЕКТЕР

Халық бата-тілегі

Сүндетке отырған балаға бата

Қол жайыңдар халайық сүндетке арнап,

Құдай құлы Мұхаммед Үмбетке арнап.

Қырық парыздың біреуі осы дейді,

Исламда атқарар міндетке арнап.

Айың жарық, күндерің ашық болсын,

Пәле-жала қырық кез қашық болсын.

Жүрегіңе ізгілік нұр құйылып,

Өміріңе жететін нәсіп болсын!

Ақ бата әрқашанда орындалған,

Ашық қылсын жар болып жолыңды Аллам.

Ғайып Ерен, Қырық Шілтен қорғап жүрсін,

Азамат бол Қыдыр ата қолыңды алған.

Әумин!

 

* * *

Жастарға бата

Жарылқа, Тәңі, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Бере гөр, мына жастарға

Ізет-абырой, бақ-дәулет.

Береке орнап бақ қонсын,

Баянды боп нақ қонсын.

Талап қылса әрнеге,

Тек жақсылық тап болсын.

Жастығы өтсін гүлдей боп,

Төрт құбыласы бірдей боп.

Бере көрме оларға,

Жан төзгісіз бір бейнет.

Жолдары болсын әманда,

Пайдасы тисін қоғамға.

Тәңірім өзі қолдаса,

Бақ қонады адамға!

Әумин!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 28 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: