22:08 Бата. Тілек. Өсиет. | |
БАТА-ТІЛЕКТЕР Халық бата-тілегі Ырыс қонған жеріңе бата, Меймандос еліңе бата, Аққан суыңа бата, Асқар тауыңа бата, Қолдасын Қызыр ата! Жерлеріңде жұт болмасын, Төрлеріңе құт орнасын. Ел-жұрттарың жамандық көрмесін, Ұрпақтарыңның десі өрлесін! Аллауакбар!
* * *
Соғым шүйгін болсын, Ұрпақтарың тұйғын болсын. Татқандарың тәтті болсын, Келер күндерің жақсы болсын! Отбасыларың аман болсын, Бай-бақытты заман болсын. Үйлеріңнен қонақ кетпесін, Май қуырдақ-табақ кетпесін! Аллауакбар! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |