Алау ұшқыны \ ДОСТЫҚ \ Бір күні он жасар Айжан достарымен орманға серуендеуге барады. Келе жатқан олар бір үнді естиді. Артына бұрылып қараса, жел есіп тұр екен. Әсем табиғатты тамашалап отырғанда, алдарынан бір кәрі қоян жүгіріп өтеді. Оны Айжан байқап қалады да, қоянның соңынан жүгіре жөнеледі. Достары Айжанды бірнеше күн іздейді. Шыдамдары таусылып, үйлеріне қайтады. Айжан қоянның артынан жүгіріп келеді, жүгіріп келеді. Ал қоян болса өз ініне кіріп кетеді. Айжан інге кәрейін десе симайды. Достары ауылға келісімен, жедел іздестіру стансасына хабарлайды. Айжан келе жатып бір бұлақты көреді. Әбден шөлдеген ол бұлақтан су ішеді. Бір кезде оның бойы үш есеге кішірейіп қалады. Ол кішкентай бойымен қоянның ініне кіріп кетеді. Ал қоян хал үстінде жатыр екен. Себебі сұр жылан оны шаққалы жүр екен. Айжан болса көзіне бірден түскен таяқты алып, жыланның басынан дәл ұрады. Жылан өз орнында өліп кетеді. Жүрегі аузына тығылған қоян Айжанға көп алғысын айтады. Қоян қыздан неге кішкентай болып қалғанын сұрайды. Айжан басынан өткен мән-жайды айтып береді. Кәрі қоян Айжанды бір таудың басына алып келеді. Таудың үстінен бір кішкентай бұлақ ағып жатыр екен. Қоян Айжанға әлгі бұлақтың суын ішкізеді. Қыз бірден өз қалпына келеді. Екеуі де шат-шадыман болып, ажырамас достық орнатқандарына қуанады. Олар бір-біріне үлкен көмектерін тигізеді. Содан бері кәрі қоян және кішкентай Айжан өмірбақи дос болып қалады. ЕРСАЙЫНОВА Гүлнұр 4 сынып оқушысы, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
|