16:22 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
ТОБЫЛҒЫ, БАЯЛЫШ һәм АРША Бірер үйлі жан бр-біріне жақын қоныстанып, бірге өмір кешіп жатыпты. Бірі – Сексеуіл мен оның ұлы – Баялыш, енді бірі – Қарағай мен оның қызы – Арша екен. Алғашында көршілер тату-тәтті, жақсы тұрыпты. Күндердің күнінде Баялыштың басына Аршаға құда түсу туралы ой келіп, қалың жинай бастапты. Алайда Арша Баялышты сүймепті, өңің қара деп күйеуге шығуға ризалығын бермепті. Бұл әкелерінің ұрысуына себеп болыпты. Тобылғы екеуін қанша татуластырмақ болсада, мұнысынан ештеңе шықпапты. Ақыры Сексеуіл мен Баялыш енді бұл жерде тұру қиынға соғатынын біліп, Тобылғыны қастарына қосып алып оңтүстікке қоныс аударуды ойлапты. Олардың қашқанына маңғазданған Қарағай тәкаппарлана басын жоғары көтеріп, созыла түсіпті. Содан оның бойы мейлінше ұзарып кеткен екен. Ал туған жерін тастауға мәжбүр болған Сексеуіл қайғыдан бүкірейіп қалыпты. Тобылғы болса, Сексеуіл мен Қарағайды татуластыра алмағанына ұялып, қызарып кетіпті. Осындай кикілжіңнің тұсында әке-шешесінен қашып кеткен Аршадан бірталайға дейін хабар болмапты. Сөйтсе ол тасты сүйіп қалыпты. Содан бері Арша тастардың ортасында өседі екен. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |