15:47 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
МЫСТАН КЕМПІР немесе ЖАЛМАУЫЗ КЕМПІР Ұсқынсыз жәдігөй Мыстан кемпір адамдарға көп жамандық жасайды. Мыстан балаларды ауыстырып қояды, бәйгелерде тұлпарды қулықпен басып озбақ болады. Өзі жер асты патшалығында ұстайтын тұтқындарды жейді, дәудің ұлдарымен бірге өлілер мен тірілер әлемінің шекарасындағы о дүниенің, Еркіліктің жер асты патшалығының есігін күзетеді. Кейбір мифтерде Жалмауыз кемпір – қорқынышты құбыжық. Оның жеті басы болады. Кейде Жалмауыз кемпір батырлардың қамқоры, оған ерлік жасауға көмектесетін мейірімді мыстан кейпінде көрінеді. Бұл әзәзіл адам тұрағынан аулақ, таулар мен ормандарда өмір кешеді. Алба-жұлба киінеді. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |