22:55 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІЛЕРДІҢ МИФТЕРІ Біздің дәуірімізге дейінгі 46 жылы ғұн (хун) империясы Солтүстік және Оңтүстік болып екіге бөлінді. Сол уақыттан бастап ол ыдырап, әлсірей берді, ақыры, құрып тынды. Хун мемлекеті V ғасырда Орхон мен Енисейде қалпына келді, бірақ ол енді Ұлы Түркі қағанаты деп аталды. Сол кезден бері түркештер, қарлұқтар, оғыздар, қарахандар, қыпшақтар XV ғасырдың 1468-1470 жылдары Қазақ хандығы ірге көтергенге дейінгі аралықта өз мемлекеттерінің негізін қалады. Тоқсан екіден астам рулар мен тайпалық одақтар қазақтардың ата-баблары болып табылады.
«ЕРГЕНЕКӨН» ҚИССАСЫ және ҚАНШЫҚ ҚАСҚЫР ҰРПАҚТАРЫ Ергенекөн (Ергенекүн, Эргене күн, Еркіне көн, Еркінді күн) Көк түркілері дәуіріндегі аса құнды әдебиет ескерткіштерінің бірі болып табылатыны еш күмәнсіз. «ергенекөн» сөзінің өзі жағрапиялық ұғым ретінде ХІІІ ғасырда, Шыңғысхан хан билеген заманда пайдаланыла бастады. Моңғол тілінен аударатын болсақ, «ергенек» - тік, құлама, қия, ал «көн» - жартас. Сонда бұл «тік жартас», «қия шың» болып шығады. Бұл қиссаның бірнеше нұсқалары белгілі. Мысалы, Орта Азияда кең таралған аңызда түркілер өздерін Көк Бөрінің ұрпағымыз («Ашинаның ұлдары») дейді. Ал моңғолдар қисса мазмұнының өздеріне тек жанама ғана қатысы болғандықтан, «Ергенекөнді» тарихи негізі жоқ, жай аңыз деп есептейді. Түркілермен араласып-құраласқанға дейін Шығыс Сібір мен Алтайда тұрған халықтар темірді пайдалануды білмеді. Ал, Көк түркілері темірді және басқа металдарды баяғының баяғы замандарынан бері қорытып келген. «Ергенекөн» қиссасының ескі мәтінінде нақ осы жайында айтылған. Өкінішке орай, қиссаның әуелгі, өлеңдік нұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізде оның тек қара сөзбен айтылған мазмұны ғана бар. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |