16:12 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
ҒҰН ТӘҢІРҚҰТЫ мен ҮЙСІН ХАНЗАДАСЫ Үйсін мемлекетінің батыс шекарасы хун шекарасымен қабысып жатқан. Жауынгер хундар үйсіндерге тарпа бас салып, көшілерін жаулап алады. Халқын түгелдей, соның ішінде, көсемі мен оның әйелдерін де қырып тастайды. Тек үйсін көсемінің ұлы Кун-Мо ғана тірі қалады, ол әлі мүлдем жас сәби болатын. Хун қолбасшысы кішкентай ханзаданы өлтіркізбей, аяушылық жжасайды, бірақ оны құтқарып та жатпады. Ол нәрестені шалғын шөпке тастап, тағдырдың еркіне қалдырды. Бала даланы басына көтеріп жылайды. Жылаған дауысты естіп, қарға ұшып келіп, піскен ет әкеліп береді. Бала оны жеп алады. Хун қолбасшысы мұны көріп, қатты таңырқайды. Әлгі ұл өзеннің жағасына дейін еңбектеп барып еді, ол жерден оны жақында күшіктеп, емшегін сүт кернеген қаншық қасқыр байқап қалады. Қасқыр жүгіріп келіп, бала тойынғанша емізеді. Хун қолбасшысы бұ сәбиді құдайлар желеп-жебейтінін, аң-құстар оны өлтірмей бағатынын түсініп, кішкентай ханзаданы өзімен бірге ала кетеді де, ұлындай тәрбиелейді. Бала ерен күшті әрі ержүрек жауынгер болып өседі. Алғашында хундар көсемі оны жүз жігітке басшы қылып қояды. Жас жігіт шайқастарда өзін батыл әрі тапқыр сарбаз һәм сардар ретінде танытады. Өзінің алғырлығының арқасында өзі құралпы жігіттердің арқасында өзі құралпы жігіттердің арасынан дара шыққаны сонша – жуандардың билеушісі оны, баяғы әкесі сияқты, үйсін жұртының патшасы етіп тағайындайды. Осылайша, құдайдың рақымы түскен ханзада Кун-Мо заңды түрде өз халқы – үйсіндердің патшасы болды. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |