09:59
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ҒҰН ХАНШАЙЫМДАРЫ және КӨК БӨРІ

Ғұн елінің көсемінің ай десе аузы, күн десе көзі бар, әлемде теңдесі жоқ екі қызы болыпты. Көсем сол қыздарына жер бетінде ешбір адам жар болуға лайық емес леп, оларды Көк Тәңіріне атағанын айтады. Билеуші екі қызына шаһардан жырақ жерден арнайы қорған тұрғызып, екі қызын сол қорғанға апарып тастайды да, Тәңірге жалынып, оларды өзіне әкетуін өтінеді. Сөйтіп, екі қыз әлгі қорғанда ешбір адамның көзіне түспей өмір сүріп жаады.

Бірде қорғанның түбінен Көк Бөрі апан қазып, қыздардың жатқан жерінен тесіп шығады. Мұны көрген көсемнің кіші қызы: «Бізді ата-анамыз Көк Тәңіріне атап, осынау қапасқа қамады, бірақ Тәңірдің еркімен бізге Бөрі келді. Мүмкін, оның осы келісі біздің болашағымыздың бақытты болуының белгісі шығар», - деп сұлу қыз Бөрімен жұптасып, бірге кетпек болады.

Сонда үлкен әпкесі сіңілісінің сөзінен қатты шошынып: «Қарабет, ол не дегенің, сені ата-анамыз адамға қимағанда, өзіңді мақұлыққа қиып, сүйекке таңба салғалы тұрсың ба?» - деп сіңілісінің Көк Бөрімен көңіл қоспақ ниетіне үзілді-кесілді қарсы болады.

Бірақ сіңілісі әпкесін тыңдамайды. Ол Бөрімен көңіл қосып, одан ұл табады. Олардың тұқымдары тез өседі. Тіпті, тез өскені сонша, бірнеше жүздеген жылдардан соң олар үлкен мемлекетке айналады. Сондықтан да бұл елде ән айтқанда созып, Бөрінің ұлығаны сияқты орындағанды жақсы көреді.   

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 210 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: