11:25 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
ҒҰНДАРДЫҢ НАНЫМ-СЕНІМДЕРІ Ғұндар (хундар) Тәңірге табынған, олар бізге ата-бабаларымыздан ауысқан барлық заңдар мен әдет-ғұрыптарды, неке мен азаматтық салт-дәстүрлерді түгел ұстанған. Ғұндар көсемін тәңірқұт деп аатған. Ол «көк пен жерден туған, күн мен ай тағайындаған» деген мағынаны білдіреді. Ғұндар жыл сайын көктемде өздерінің «ата-бабаларына, көкке, жерге және аруақтарға» құрбан шалып отырған. Күн сайын тәңірқұт Тәңірге: таңғертең шыққан күнге, кешке айға сыйынған. Ғибадат ету рәсімі жұлдыздар мен айдың орналасуына қарай орындалған. Яғни, ғұндардың өз жұлдызнамасы болған. Тоқетерін айтқанда, сыйыну бағышталатын нысан Көк Аспан мен оның Жоғарғы Құдайы Тәңір болған. Көне пайымдар бойынша, аруақтар адамдардың табиғатынан өзгеше, тірі жан иелері. Олардан қорыққан, сондықтан қайыр-садақамен көңіілн аулаған. Аруақтар күшті, бірақ шексіз құдіретті емес. Табиғатынан мейірбан да, қаскөй де емес. Бірақ кейде зиянкестік те келтіреді, кейде пайдалы да бола алады. Ғұндар о дүниедегі өмірге де сенген. Сонымен қатар бағзы адамдардың қарапайым санасы о дүниені өздерінің ақиқат өмірінің жалғасы деп есептеген. Сондықтан да ғұндар өлгендерді берік табытқа салып, сән-салтанатпен жерлеген. Марқұмдарды үлде мен бүлдеге малындыра киіндіріп, тәңірқұтқа о дүниеде қызмет етуі үшін достары мен кәнизактарын құрбандыққа шалған. Құрбандыққа адам шалудың осынау қатыгез ғұрпы тәңірқұтты немесе атақты бекзаданы о дүниеге шығарып салу рәсімімен шектелмейді. Жауынгерлерге де құрбандыққа ержүрек тұтқындар шалынды. Аруақтар болашаққа сәуегейлік айтатын баыздар арқылы құрбандық талап етті. Алыс елдерге жасаған жорықтары кезінде ғұндар Шығыс пен Батыстың түсініктерін саналрына қатар сіңіріп, оларды ерекше үлгіде ұштастырды. Үндістаннан олар буддизм сипаттарын қабылдады, Еуропада христиандыққа құрметпен қарады. Мысалы, Еуропа ғұндарының көсемі аттиланы Мәңгілік қала – Римнің түбіне келгенде Рим Папасы Пий төртіншінің елшілігі тоқтатқан. Оның сөзін жерге тастамаған ғұндар көсемі өз сарбаздарын айналма жолмен әкетіп, қорғаныс қаланы тонатқызбаған. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |