11:40
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ГРИФТЕР. ГРИФОНДАР

Грифтердің (арыстан-құстардың) аримаспілермен толассыз күресін баяндай отырып, Геродот оларды «қанатты құбыжықтар» деп атайды. Осынау арыстан денелі құстар алтынды күзетеді. Олар жайында Плиний де бұлдыратып айтып, «аңызға айналған құстардың» қалқан құлақтары мен имек тұмсықтарын атап өтеді.

«Бұл елден (әңгіме Тұран жайында) қаскөй әрі залым халық тұратын Бактрияға саяхаттайды. Мұнда, құдды қойлар сияқты, жүн беретін ағаштар бар, содан мата жасайды.

Осы өлкеде біресе құрлықта, біресе суда өмір кешетін жартылай адам, жартылай жылқы «ипотамдар» (гиппопотамдар) жүреді. Олар ыңғайы келіп, қолына түсіп жатса, адам етімен қоректенеді. Сондай-ақ мұнда басқа жерлерге қарағанда әлдеқайда көп, қисапсыз арыстан-құстар (грифтер) мекендейді.

Біреулер олардың бас жағы бүркіттікі, ал төменгі денесі арыстандікі дейді. Онысы рас, алайда бұл құстың денесі сегіз арыстанды қосып есептегендіктен де үлкен, күші жүз бүркіттен де артығырақ. Әлбетте, арыстан-құс өзінің ұясына салт аттыны немесе егіске шыққанда қосарлап жегілген екі өгізді көтеріп әкете алады. Себебі, оның аяқтарындағы тырнақтары ғаламат зор, үлкендігі өгіздің денесіндей, бұл тырнақтардан сусын ішетін тостағандар, ал оның қабырғаларынан садақтар жасайды».   

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 254 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: