11:20 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
ҮЛКЕН ТӘҢІРГЕ ЖАЛБАРЫНУ Уа, Ұлы баба Үлкен Тәңір! Бөркің биік жиектері ызылған, Әсем түсті зерлі баумен сызылған. Үш баспалдақ тартылады тағыңа, Тағың сенің – бар өмірге мағына!
Желден жүйрік арғымақты жараттың, Азық болар хайуанатты жараттың. Әйел беріп табиғаты өзгеше, Адамзатты ұрпақ жайып тараттың.
Жерімізді қайтардың сен түнектен, Жебе тартса жетпейтұғын түбектен. Естілмейтін ешбір дыбыс, әуен де, Жердің жүзін жайнаттың сен бір демде.
Ұлы әке, жаратқаның – адамың, Әсем жандар нұр кешуін қаладың. Үш зерлі бау құпиялы бөркіңде Тербеледі асау желдің еркінде.
Аянбаймыз сен үшін жан жебелеп! Жалған дүние қызықтары не керек? Күнәға ол апарады! Не керек? Саған – мадақ, сенсің әке-шешеміз. Сыйынамыз! Медет тілеп өтеміз! жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |