15:56
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ҰМАЙ ТӘҢІРДІҢ ДҰҒАСЫ

Отыз басты от-ана –

Батырлардың анасы.

Қырық басты қыз-ана – қыдырлардың анасы.

Барлығын да дәм еткен.

Демің сенің қатқанды

Елжіретіп еріткен.

Көктен түсіп от-ошаққа пана бол,

Қу бәлені, қайсар жүрек ана бол,

Көл суында кір-батпақты жуасың,

Ақ жаңқамен кіндік кесіп, туасың.

 

Тау басында – қызығың мен сайраның,

Толқын шашты Ұмай-ене жайладың.

Ұмай-ене – қырық пәк қыз таласы –

Сен – ішінде тазасы да, данасы!

 

Ақ Тәңірдің мекенінен бер медет!

Кемпірқосақ бойыменен дөңгелеп,

Ай сияқты, түстің Үлкен Тәңірден,

Құрбан шалар темір төске өрмелеп.

 

Ұмай-ене, толқын шашып төгіліп,

Түстің көктен алтын садақ иіліп.

Жаңа туған сәбилерді шошытпа,

Ұмай-ене, қойныңа сал, жарылқа!

 

Киіміңнің етегіне паналат,

Оң қолтықтың астына алып саялат.

Оң төсіңнен өмір беріп бағарсың,

Сұмырайдың сұқ көзінен қағарсың.

 

Жақындатпа жын-шайтанды қасына,

Жел-құздар да бәле болар басына.

Балаларды сақта сойқан, кесірден,

Емсін ақ сүт анасының төсінен.

Өсірерсің ізгілікпен аялап,

Өмір беріп, шуағыңды саялат!

 

Қорға дәйім көк егінін арпаның,

Тамырларын бекіт биік аршаның.

Құдай-ана, үмітімді жалғашы,

Ұлы Дала аналарын қорғашы!

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 237 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: