13:04 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
ЕРКІЛІККЕ ЖАЛБАРЫНУ Уа, қара сайтан, қатал жын, Күнәһарларды аулайсың. Тостағанды қотарып, Төгіп бір сүтті алдайсың.
Жүзің қара күйедей, Маңғазсың алып түйедей. Үрпиген шашың шерменде, Кезесің жалғыз түндерде.
Қолдарың зіл батпандай. Көзіңнен түсіп көлеңке, Әлемді түнек жапқандай. Жабылса да қанша дәу Аяғыңды қозғалтпас, Азуларың сорайған – Қиялаған құз-жартас.
Сүйегің ауыр темірден, Терісі – серіппедей керілген. Айқайың – күннің күркірі Тітіретер орманды, Тітіретер бар маңды! жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |