23:22 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
ТӘҢІР ДҰҒАСЫ Өмір үшін тыныстайтын мәңгілік, Ошақ үшін отын тұрар жандырып! Ойлап тапқан ғұрпыменен адамның, Пәктігімен алғашқы арғы бабамның!
Иықпенен, баспен тағзым қыламыз! Ақ Жаратқан, жетсін саған дұғамыз. Күндіз-түні сыйынамыз, піріміз! Уа, Тәңір! Құдайыма, Сарайыңа Жетсін біздің жалбарынған үніміз!
Келдік тауға абыздардың салтымен, Уа, ақ қайың, арыз айттық алдымен. Қабығың бар қақталғандай күмістен, Көмкерілген төбең тоғыз шыбықпен!
Аяланған жара салмай тамырдан, Қара жерден қазылып бір алынған. Бұлт пен тұман арбасқан, Тау басына әкеліндің қар басқан. Бағынамыз, бас иеміз саған біз, Қос иықпен, баспен тағзым қыламыз!
Тәңір тағы жарасқан, Естісінші дұғамызды Көк Аспан, Арсыдағы алтын сарай естісін, Тәңір текті ақ құдайлар естісін!
Ақ қозының оң аяғын бүктірдік, Ақ аязда басын жерге бұқтырдық, Ақ қайыңды үш айналып өтіпті, Алтын жапырақ саны үшке жетіпті.
Құрбан шалып, жардық оның қарынын, Құрбандықты қабыл алсын Тәңірім. Құрбанымыз о дүниеде тірілсін, Уа, Тәңір! Ақ құдайлар ұғылсын!
Қауым-жұртың мекендейтін ел үшін! Қара жерде көктеп өскен шөп үшін! Асыл тұқым малдың жейтін жемі үшін, Уа, Тәңір! Қыстан бізді сақтағай!
Соқауы үшін кесапатты қара жел! Кегпеуі үшін бастан кесір бәлені ел, Жарқын өмір сүруі үшін қара жер,\уа, Тәңір! Жаса мәңгі! Көк өріске кенелсін деп дала, бел!
Көк патшасы төксін жаңбыр себелеп, Тоғыз көккке жетсін осы зар-тілек! Көктің тоғыз жаратушы көсемі, Әлемдеріңнің әмірішлері естісін! Уа, Тәңір!
Болуы үшін өлмейтұғын құдірет! Болуы үшін өмір сыры мәндірек, Құдайлардан медет тілеп тұрамыз, Асқар шыңға естілер ме дұғамыз!
Ғұрыппенен пешенеге жазулы, Болмақ үшін айғырдайын азулы, Болу үшін аталардай ақ басты, Құрбандыққа шалдық қара қозыны.
Түлкі көзге тылсым қара күш тұнып, Аяздардан, қорықпайтын, үскірік, Алтын жапырақ ай қайыңға апарып, Шалдық құрбан ішек-қарнын ақтарып.
Дұғамызды – Көк аспанның астынан, қара жердің үстінен, Тербетілген қара жердің бетінен, Қара түнек жамылған жер шетінен, Көк Тәңірдің сарайына жаткерген!
Адам ұлы жер бетінде қаламыз, Құдайларға көп құрбандық шаламыз. Өзің жаратқан Қызыл, қарабас құрттарыңа мың медет! Құрбанымыз жетсін саған әуелеп! Уа, Тәңір! жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |