12:48 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
ШАМАНДЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ Топан судан кейін Балықшы сырқаттанып қалып, Тянгар деген кісіні зікір салып емдеуге шақырды. Бұл екеуін де, бірін – қам (жын-пері) шақыруға, екіншісін – зікір салуға еркілік үйреткен екен. Сондықтан Үлкен Тәңір Балықшыға: «Енді сен өлгеннен кейін Еркіліктің малайы боласың. Себебі оны мойындайсың да маған құрбан шалмайсың», - деп айтыпты. Мұны естіп, қорқып кеткен Тянгар Үлкен Тәңірге: «Мен Еркілікке де, саған да құрбан шаламын», - дейді. Үлкен Тәңір оған: «Бүгіннен бастап сенің атың Қам болады. Ал кімде-кім саған еліктейтін болса, жерде оның дәулеті болмайды», - деп үкім кеседі. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |