16:34
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ТЯРАН-МЫЗЫҚАЙДЫҢ СӘУЕГЕЙЛІГІ

Жалмауыз аждаһаны жеңген Тяран-Мызықайдың кейпі адам тәріздес болып, жер бетін шарлап жүргенімен, оның кім екенін, қайдан келгенін ешкім білмеген. төменгі жердегі (Қытай) Мергедім-түмен ханға келгенде, ол Тяран-Мызықайды танып қойып, оның құдай тектес және тоқсан тоғыз әлемнің ортаңғысының әміршісі екенін айтты.

Тяран-Мызықай оған:

  • Мен барлық патшалықтарда бодым, сонда мені ешкім таныған жоқ еді. Жалғыз сен ғана таныдың. Сол үшін батамды беремін, сенің атың Түмен-асты-Еден-поудо (қытай боғдыханы) болсын, - деп тіл қатты.

Сол кезден бастап қытай жерінің әміршілері еденхан, яғни Төменгі Жердің хандары деп аталады.

Тяран-Мызықай қытай әміршісіне тағы да былай деді: «Байқа, сенімен ешкім соғысып жүрмесін, сен де ешкіммен соғысушы болма. Басқа жерлермен байланыс жасама. Басқалар сенің патшалығыңмен соғысқан кезде ақыр заман таяп қалады!» Осы сөздерді айтқан соң Тяран-Мызықай қытай әміршісі Мергедім-түмен ханға Майтөре Алып құрастырған және аспан шежірешілерінен алған Әлемнің пайда болуы туралы кітапты беріп, өзі белгісіз жаққа кетіп қалды.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 293 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: