14:42
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ӨЛІМНІҢ КЕЛУІ

Адамдар мен жануарлардың өсіп-өніп көбейіп кеткені соншалық, жер тарлық ете бастады. Бірақ олар өлімді әлі білмейтін. Сонда Үлкен Тәңір өмірдің ақыры туралы Жарғы жариялау үшін жерге өзінің қызметшісі Жара-Шешенді жіберді. Адамдар мен аңдарға өлім жайында жария етпес бұрын Жара-Шешен олардың барлығын бір жерге жинап, әрқайсысына тиесілі ғұмыр белгіледі. Басқаларға қарағанда адамға зияны аз болғандықтан балықтар бәрінен де ұзақ – сегіз жүз жыл жасайтын болды. Оның үстіне, олар адамның азығына тиіспегендіктен, аңдар сотында да кінәсіз болып шықты.

Жара-Шешен адамдар мен жануарлар тірі жан иесінің қалай өлетінін көрмесе, өлімнің не екенін біле алмайды деп пайымдады. Сондықтан өлімнің қандай болатынын көздеріне көрсетуді ұйғарды. Сөйтіп ол қылыш алып, адамның мойнынан ұрып, басын кесті. Бірақ оған адам өле қойған жоқ, аяғын басып жүре берді. Сонда Жара-Шешен оның аяқтарын тізесіне дейін шауып тастады. Адам жерге құлап түсті, бірақ ол қос қолымен жерге жармасты. Енді Жара-Шешен оның екі қолын шапты, ақыры, адам өлді.

Бірінші өлімге дейін адамдар өлім туралы білмейтін, бір-бірімен жанжалдаспайтын. Осыдан бастап олардың араларында өштік пайда болды, бір-біріне кектеніп, бір-бірін өлтіру басталды.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 288 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: