13:01
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

АДАМ ҚАЛАЙ ЖАРАТЫЛДЫ

Үлкен Тәңір Еркілік пен Манғышөреден басқа да көптеген жан иелерін жаратты. Оларды өзіне қызмет еткізіп, әлемдерге бөліп орналастырды.

Үлкен Тәңір адамдардың сүйектерін қамыстан, денелерін балшықтан жасады. Содан соң олардың құлақтары мен мұрындарына дем үрледі. Үлкен Тәңір құлаққа үрлеген кезде Құдайдың демімен адамның денесіне жан кірді. Ал мұрнына дем жібергенде адамның басына ақыл-ес орнықты. Сөйтіп ақыл-ойы бар тірі адам, тіршілік иесі пайда болды. Үлкен Тәңір осылайша жеті еркекті дүниеге келтірген. Оған қоса сонша ағаш жаратты.

Адамдарды жаратқан соң Үлкен Тәңір сол жерден кетпей тұрып, бетін шығысқа бұрды. Сөйтіп, тағы бір еркек пен ағаш жаратып, олардың беттерін батысқа қаратып, Алтын таудың үстіне қойды. Алайда, сегізінші адамға жан мен ақыл-ой үрлемес бұрын, Үлкен Тәңір оған. «Ұғып ал, жақсы болсын, жаман болсын, жаратқанымның бәрінің қожасы сен боласың. Кімнің аштан өлетіні, кімнің ауру, кімнің сау болатыны өз билігіңде. Осының бәрін білетін бол!» - деді.

Әлемнің жаралу мысалын біздің дәуірімізге дейінгі «Атрахасис туралы аңыз» атты өте көне шумер-вавилодық кітаптан алынған үзіндімен салыстыруға болады. Онда былай делінген:

Алғашқы айдың

Жетінші һәм он бесінші

Күндері,

Ол (Энки) арылу

ғұрпын жасап гүлдеді.

Ақылы бар «дана»

Кудайда келтірді,

Кеңес құрып, олар

(Құдайлар) оны өлтірді.

Қан-жынына бөктіріп

сол денені,

Әйел-Құдай Нинту

 Балшық иледі...

Балшық кесегін

Оң жағына жетеуін ол

қояды,

Сол жағына жетеуін ол

қояды.

Араларын кірпішпенен

бөледі.

Құмар болған даналық

пен білмекке,

Жеті, Жеті құдайлары

туудың,

Жеті еркекті олар

сонда жаратты,

Жеті әйелді олар сонда

жаратты.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 315 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: