10:07 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
ҮЛКЕН ТӘҢІР МЕН ЕРКІЛІК Әлемді бір-біріне қарама-қайшы екі құдірет билейді. Соның мейірімдісі – Үлкен Тәңір және оның мәңгілік бітіспес жауы – Еркілік (жамандық құдайы). Бұлардың екеуіне де көптеген жын-перілер бағынады. Үлкен Тәңірге ізгі ниетті – ару-немелер, Еркілікке қара ниетті – қара-немелер бағынышты. Үлкен Тәңір – өте ақпейіл әрі мейірбан Құдай. Ол адамға еш уақытта жаманшылық жасамайды. Еркілік сайтан – Үлкен Тәңірдің мәңгілік қас дұшпаны. Ол адамға қаскүнемдік жасамай тұра алмайды. Кейде адамға қарсы арамдықтарын тоқтатқандай болады да, аз уақыттан соң қитұрқысын қайта бастайды. Жер бетіндегі барлық бәле-жала Еркілік сайтаннан шығады. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |