22:21
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ЖЕР-СУ

Жердің қақ кіндігінде әлемдік Сумер тауы (немесе Хан Тәңір) орналасқан. Бұл – ежелгі түркілердің Олимпі. Онда құдайлар мен біздің ата-бабаларымыздың аруақтары мекен етеді.

Таудың дәл ортасында Жер мен Көк түйіседі. Олардың тоғысқан жерінен алтын бұтақты, алқа жапырақты зор Бәйтерек өсіп шыққан. Бәйтеректің ұшар басы Үлкен Тәңір мекендейтін Жоғарғы әлемге дейін жетеді.

Сумер тауында Жердің киесі, жер мен судың иесі – Жер-Су тұрады. Ол – басты киелілердің бірі.

Сумер тауының ұшар басында Сүткөл бар. Сүткөлдің шығысына қарай қызыл сулы үлкен көл орналасқан. Бұл көл жай көзге көрінбейді екен. Сол суда Кер Балық, яғни теңіз жануарларының иесі тіршілік етеді. Оның ішінде жан-ұрықтар жаратылады. Кер Балық қажеттілігіне орай жан-ұрықтары жер мен судың иесі – Жер-Суға беріп отырады. Жер-Су өз кезегінде оларды Жайыққа табыстайды.

Жайық – Көкте тұратын аруақ. Әйткенмен, ол көбінесе Жерде, адамдардың арасында жүреді. Үлкен Тәңір оны адамдарды әр түрлі қырсық, кесапаттардан, бәле-жалалардан қорғап, сақтау үшін жіберген. Жайық – адам мен Үлкен Тәңір арасындағы дәнекер. Себебі, адамдардың Үлкен Тәңірді және басқа құдайларды көзбе-көз көруіне болмайды.

Жайық Жер-Су берген жан-ұрықтарды От-Анаға табыстайды. Осыдан кейін От-Ананың желеп-жебеуімен тіршілік иелері (адамдар, жан-жануарлар) жаратылады.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 324 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: