20:42 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
ТӘҢІРДІҢ ҰЛДАРЫ Тәңірдің Қайсар (Гесер), Шыңғыс, Ер-Сайын (Ерен-Сайын) атты үш ұлы бар. Бір бүтінді қарайтын үш ағайындыны Үш құрдас, Үш хан, Үш әмірші деп түрлі есіммен қосарлай атаған. Кейде оларды бір сөзбен Телегей деп те атайды. Ежелгі түркі және алтай мифтері христиандықтан көнерек болғандықтан, бәлкім, христиандық Үштік (Троица): Құдай-Әке, Құдай-Ұл және Қасиетті Рух осыдан шығуы да ықтимал. Тәңірдің үлкен ұлы – Қайсар. Әкесі оны адамдардың арасына түрлі ерліктер жасауға жіберген. Ортаншысы – Шыңғыс. Бұл есім «теңіз» деген мағынаны да білдіреді. Кішісі – Ер-Сайын. Тәңір өз ұлдарына көмекші ретінде бүкіл әлемді және ондағы барлық істерді басқарып, билеп отырған Үлкен Тәңірді жаратты. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |