23:02
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ОТ – АНА

От – Ұмай Тәңір-Ананың адамға сыйлаған жылуы мен ризығын бейнелейтін құдірет (ежелгі түркілер солай деп санаған). От түркілерде (баяғы заманда да, қазір де) әулие ретінде қастерленіп, қасиет тұтылады.

От-Ана құдайы Ұмай Тәңір-Ананың табанынан жаралған. Оның әкесі – құрыш, шешесі – шақпақ тас. От-Ана адамның үйінде, ошағында өмір сүреді. Адамдардың жаратылып, өмірге келуі От-Ананың желеп-жебеуімен болады. Түркі халықтарында әйелдер балаларының өмірін сақтап, отбасын бақытсыздықтан қорғап-қорғаштап жүруі үшін От-Анаға сыйынып, жалбарынатыны осыған байланысты.

Мифке сәйкес, отты ағаштан бірінші болып шығарған Надулуша пайғамбар немесе Надулу шад, яғни Надулу ханзада немесе бек. Отқа түкіруге, қоздап жатқан шоқты басуға, ошақтағы отты өшіруге болмайды.

Қазақтардың отбасында жаңа түскен жас келін алғаш табалдырықтан аттағанда, күйеу жігіттің анасы немесе басқа бір егде әйел алақанын отқа жылытып, сонымен қалыңдықтың бетінен сипайды...

Соғыс кезінде жауынгерлер халқының алдында адал болуға ант беру рәсімін өткізу үшін екі жерге от жағып, жас сарбаздарды «екі оттың» ортасынан өткізіп, қаруларын сүйгізеді.

Басқа бір елдің елшісін дала әміршісіне (қағанға, ханға немесе сұлтанға) кіргізбес бұрын оны да екі оттың ортасынан өткізіп, отпен аластайды. Аластау рәсімінен кейін ондай адам жамандық жасай алмайды деп саналған. Егер елші жанып жатқан екі алаудың ортасынан өтуге қарсылық етіп қасарысса, онда оның сынақтан өтпегені. Мұндай жағдайда арам ниетті адам деп танып, оны өлтіріп жіберуі де әбден мүмкін. ХІІІ ғасырда осы ғұрыпқа қатысты қанды оқиға да болған. Орыс князі Михаил Алтын Орда әміршісі Бату ханның ордасына кірер алдында аластау рәсімін орындаудан бас тартып, сол үшін өлімге кесілген.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 338 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: