12:12 Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар | |||
ТӘҢІР – ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ҚҰДАЙ Көк пен Жерді жаратып, оларды бір-бірінен ажыратқан соң, Тәңір өмірге ұрпақ келтіру үшін өзі еркек пен әйелге бөлінді. Құдай-әйелді Ұмай Тәңір деп атап, оны Сумер тауының ұшар басына, сүтті көлі (Сүткөл) бар Аспан тауының қия шыңына қондырды. Көк жүзінде жол қалдыра сарқырай ағып, Сүткөлге құятын жұлдыздар жолы, Құс жолы – осы Ұмай Тәңір-Ананың сүті. Тәңірдің құдіреті мен күш-қуаты шексіз, онң аузынан шыққан әрбір сөз ақиқатқа айналып, жүзеге асты. Екпіні тау тұрғызып, теңізді толтырды. Демі жел мен бұлттарға, дауысы күннің күркіреген дабылына айналып, оң көзінен Күн, сол көзінен Ай жаратылды. Жерге нөсер, жаңбыр жіберіп, найзағай шатырлатып, өзі жаратқан Құдайлар мен адамдардың өмір сүруіне бөгет жасайтын жын-шайтандарды жасынмн (найзағай) соғып жайратты. Тәңір – ең жоғарғы Құдай. Басқалары оның әмірін екі етпей, ықтиярына бағынды. Адамдардың та тағдыры Тәңірдің қолында, олардың қашан туып, қалай өмір сүретіні және қай кезде өлетіні тек оған ғана мәлім. Ешбір адам Құдайдың талқысынан, Тәңірдің тезінен құтылып кете алмайды. Өйткені, Тәңірге беймағлұм құпия жоқ. Тәңір бәрін көреді, бәрін біледі. Ал адамдарды ақиқат жолына салып, әрі сынау үшін ол Жер бетіне өзі қалаған пайғамбарларын жібереді. Сондықтан Адам өзінің барлық тілеулері мен құлшынысын Көк Құдайы – Тәңірге деген сенімімен үйлестіруі керек. Адам барлық жағдайда Көк пен Жердің иесі, Әлемнің иесі – Мәңгілік Тәңірдің еркіне бағынышты. Адам Тәңірге құлшылық етіп қана бақытты бола алады. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |