09:32 Бала болмысы һәм оқушы ортасы | ||||||||
Ата-ана сұрақтары: Менің ұлым енді ғана жақсы оқушыға айналып келеді. Мен онымен мақтанатынымды айттым. Дұрыс істедім бе? Егер мақтаудың пайдалы немесе зиян екендігіне сенімді болмасаңыз, өзіңізге қарапайым сұрақ қойыңыз: «Балам менің сөздерімнен кейін менің мақұлдауыма тәуелді болып қалмай ма? Немесе менің сөздерім оған өз қабілеттерін және өз жетістіктерін жақсы түсінуге көмектесе ме?» Төмендегі жазбаларды салыстырыңыз.
Бірінші бағандағы ескертулер ата-ананың бақылауы екенін ескеріңіз. Олар баланы мадақтай алады немесе мақтаудан бас тарта алады. Екінші бағандағы ескертпелер баланың өзін мақтай алатындығын көрсетеді.
* * *
Ұстаздар сұрақтары: Мен жұмыс істеген мектепте балалар сабақ алдында «мен ерекшемін», «мен кереметпін», «мен қабілеттімін» деген сияқты фразаларды айтуды әдетке айналдырған. Әртүрлі еңбегі үшін мұғалімдер балаларға алтын жұлдыздар мен күлімсіреген жүздері бар стикерлерді таратып беретін. Сіздің ойыңызша, мұндай әдістер өзін-өзі бағалауды жетілдіруге көмектесе ме? Өзін-өзі бағалауды сырттай жақсарту мүмкін емес. сіз жазған мақтау, жұлдыздар мен стикерлер бір реттік қана әсер беруі мүмкін, бірақ бала өзінің ерекше, керемет немесе қабілетсіз екенін түсінген кезде олардың мәні тез жоғалады. Екінші жағынан, сіз баланың әрекетін сөзбен сипаттағанда, сөзіңіз оған әсер етіп, мәңгі жадында қалады. Мысалы, егер оқушы киттер туралы эссе жазуға алаңдайтын болса, оның өзіне: «Мен ерекшемін» деп айтуы немесе алтын жұлдыздар қорына қарауы көмектеспейді. Егер оның секвоя жайлы соңғы эссесі мұғалімнің мынадай бағасына лайық болса: «Көптеген қызықты мәліметтер ала алдым. Сенің жазбаңнан соң осы алып ағаштар туралы көп нәрсені білдім». Сонда оқушы өзіне: «Мен бұған дейін бұлай істеп едім және қазір де осындай тапсырманы орындай аламын», - деп айта алады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | ||||||||
|
Всего комментариев: 0 | |