23:17 Бала болмысы һәм оқушы ортасы | |
ЖАДЫНАМА Үйде және мектепте мәселелерді шешу 1. Баланы тыңдаңыз, оның жан сезімі мен қажеттіліктеріне түсіністікпен қараңыз. Ересек адам: Қателеспесем, сіз испан тілінен емтихан тапсырмағаныңызға қатты ренжіген сияқтысыз? Бала: Мен тапсырдым! Жиырмадан он екі сөзді дұрыс жаздым! Ал кеше кешке емтиханға бір сағат дайындалдым!
2. Баланың көзқарасын қорытындылаңыз. Ересек адам: Сен шынымен ренжіген сияқтысың. Сен осы жаңа сөздердің бәрін есте сақтауға тырысқаныңмен, олардың кейбіреулері есіңнен шығып кетті.
3. Өз сезімдеріңіз бен қажеттіліктеріңізді айтыңыз. Ересек адам: Егер жаңа сөздерді жаттамасаң, онда сен біршама артта қаласың деп алаңдаймын.
4. балаңызды өзіңізбен бірге саналы түрде ойлай білуге талпындырыңыз. Ересек адам: егер біз бірге жұмыс істесек, сөздерді есте сақтаудың жаңа да тиімді тәсілдерін таба алмаймыз деп ойлайсыз ба?
5. Барлық ойларды бағамдап отырып жазыңыз. Бала: Испан тілін оқуды тастау. Ересек (жазып жатып): Мен бұны жаздым. Тағы не? Бала: мүмкін мен болар...
6. Сізге қандай ойдың ұнайтынын, қайсы ойдың ұнамайтынын және қабылданған жоспарды қалай жүзеге асыруға болатынын бірге талдап, шешіңіз. Ересек адам: Карточкаларға сөздерді жазуға қалай қарайсыз және әр түн сайын жатарда төрт жаңа сөз жаттап аласыз? Бала: Бұл жақсы ой екен. Бірақ карточкалардың орнына мен бұл сөздерді магнитофонға жазып, оларды толық меңгермейінше үйренетін боламын. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |