20:39
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-ана сұрақтары:

Мен жақында екі ер балаға өгей ана атандым. Менің жолдасым балалар нашар баға алса, оларды қалтапұлынан айыру қажет деп санайды. Ал өз басым олар жақсы баға алған сайын қалтапұлдың көлемін көбейтіп отыру керек деп ойлаймын. Осы тәрізді марапаттар ынталандырудың жағымды жолы емес пе?

Оғаш көрінсе де, зерттеу нәтижелері бойынша айтсақ, марапаттар да, жазалау да белгілі бір мерзім аралығында баланың оқуға деген зауқын қашырады екен. Ал балада пән сабағына деген қызығушылық басым болған кезде ғана ынтамен оқиды екен. Демек, жақсы баға алған бала онсыз да марапатталады. Оған ата-анасының қуанышты жүздері мен баласының жетістігімен мақтанғандары жеткілікті. Нашар баға алған оқушы әрине жазасыз қалмайды. Мұндайда ата-анасы баласының мұңын түсініп, жағдайды реттеудің әдісін табуға көмектескені жөн.

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Мен көптеген мектептерде дәріс беріп, қарапайым ескертулерден бастап, «мектептен шығарамыз» деген қорқыту секілді жазалаудың түр-түрін кезіктірдім. Кей ұстаздар оқушыларды ең сүйікті істерінен аластататын еді. Спорттан, музыкадан, саяхаттан, т.б. Өзге мұғалімдер физикалық жазаны таңдайды. Олар оқушыға қол көтеріп, шымшып, иығынан жұлқылап, шаштарынан сүйрейтін еді. Қалай ойлайсыз, қай жазаның түрі балаға көбірек зиян келтіреді?

Доктор Ирвин Хайман өзінің «Оқу, хат және таяқ» кітабында барлық жаза түрлері бала үшін айтарлықтай әрі ұзақ салдарға ие екендігін айтады. Оның зерттеулері бойынша, бір ғана ауыр тәжірибенің өзі түрлі зақымнан кейінгі күйзеліске себепкер болуы әбден мүмкін. Баланың оқуға зауқы қашып, үй тапсырмасын орындауды тоқтатып, өзін озбыр түрде ұстауы ықтимал. Жанын күйзеліс пен уайым жегідей жеп, ересектерге деген сенімділіктерін жоғалтуы мүмкін. Кей балалардың төсекке дәрет жіберіп, тырнақтарын тістелеп, тұтығып қалатын да жағдайлар кездеседі. Кейбіреуінде күтпеген жерден бас пен асқазан-ішек аурулары пайда болады. Басқалары қорқынышты түстер көруден әбден қиналып, ұйқысын қашырады. Балада бұл белгілер байқалмаса да, ол бұлардың біріне де лайық емес. біздің балаларымыз адамгершілік пен қамқорлық танытатын ата-анаға лайық.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 64 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: