22:26
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

ЖАДЫНАМА

Үйдегі және мектептегі жазаға балама

Бала: Сайтан алғыр! Мен мына мысалды шеше алмай отырмын.

Ересек адам: Бейпіл сөйлеме деп саған қаншама рет айттым! Енді сен жазалысың!

 

Жазамен қорқытудың орнына:

1. Дұрыс іс-әрекет әдісін көрсете аласыз.

«Қапалы екеніңді түсінемін. Дегенмен балағат сөздердің орнына өз сезімдерің туралы айтқаның жақсы болар еді».

 

2. Жақтырмағаныңды ашық білдіру (қарсы шығусыз).

«Мұндай сөздер маған ұнамайды!»

 

3. Не күтетініңді айту.

«Өзіңнің қаншалықты ренішті екеніңді жеткізудің басқа тәсілін табасын деген үміттемін».

 

4. Балаға жағдайды қалай реттей алатынын түсіндіру.

«Айтқандарыңның орнына қолдануға болатын сөздердің тізімін жазғаныңды қалаймын. Егер көмек қажет болса, сөздікті пайдалан».

 

5. Таңдау ұсыну.

«Сен мұндай сөздерді дауыстап айтпай-ақ ойша қолдана аласың немесе ешкімнің көңіліне тимейтін сөздерді таңдағаның дұрыс».

 

6. Балаға өз ісінің салдарын көрсету.

«Осы секілді сөздерді естіген кезде, саған мысалдарды шешуге немесе басқа да дүниелерді жасау үшін көмектесуге деген құлшынысым жоғалады».

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 70 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: