22:06 Бала болмысы һәм оқушы ортасы | |
Мұғалімдердің сұрақтары: Менің ойымша, өзімнің жасанды көзқарастарым мен ойымды оқушыларға ашық айтсам, олар оған жақсы қарайтын сияқты. Бірақ сыныбымда мінезі ауыр бірнеше бала бар еді. Мысалы, мен: «Маған кітаптардың жерде шашылып жатқаны ұнамайды», - десем, балалардың арасынан біреуі: «Оған біздің не қатысымыз бар?!» деп жақтырмастан жауап беруі әбден мүмкін. Сондай кезде не істеуім керек? Оқушының айтқан сөздерінің сізге қатысы жоқ екеніне өзіңізді сендіріп көріңіз. Бұл оқушы сізге деген ашу-ызасын осылай шығарады не болмаса үйіндегілер осылай сөйлеседі. Мұндай мінезді балаға былай деп айтуға болады: «Менің оған қатысым бар. Менің өз жұмысыма ғана емес, мектепте, сабақ уақытында сендердің де әрекеттеріңде шаруам бар. Біздің сыныпта, әсіресе, сабаққа қатысты мәселеде бәріміздің бір-бірімізге деген шаруамыз болады деп үміттенемін!»
* * *
Ата-ана сұрақтары: Ұлымның мұғалімі сабақтан соң барлық ұл балаларды алып қалды: күзетші оған дәретханада оқушыларының бірінің темекі шеккенін хабарлапты, нәтижесінде ұлым баскетбол жаттығуына қатыса алмай, қапаланды. Балам ұжымдық жазалауды әділетсіздік деп санайды. Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Балаңыздың ұжымдық жазалауды қаламауының себебін түсіну қиын емес: бұл тәсіл жазықсыз кез келген адамның намысына тиеді. Ұлыңыз: «Ереже сақтаудың қандай мәні бар? Бәрібір мені жазалады!» деген ой түйді. Ал кінәлі баланың былай ойлауы ықтимал: «Бұл жолы көзге де түспедім, қолға да түспедім. Бәлкім, келесі жолы да ұсталмайтын шығармын». Егер мұғалімнің мақсаты – оқушыны тәртіпке бағындыра отырып көмектестім деп ұқса, онда жеке оқушы болсын, мейлі сынып бойынша болсын, ол тәсіл жазалау мақсатына жетуге көмегін еш тигізбейді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |