19:29
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Мұғалімдердің сұрақтары:

Менің жағдайы төмен отбасынан шыққан жоғары сыныпта оқитын оқушым бар. Оның «Мен сені жек өремін» немесе «Сіз өтірік айтасыз» деген сөздеріне түсіністікпен қарау мен үшін қиын. Оның кейбір сөздері мен айта алмайтындай ауыр сөздер. Мұндай қарым-қатынасқа қалай жауап берерімді білмеймін. Мүмкін, менің не жауап айтарыма сіздер көмектесерсіздер...

Кейде кей балалар мұғалімдерін саналы түрде әуре-сарсаңға салады. Оларды ашуландырады немесе қорғаным позициясына көшеді. Сөйтіп балалар бәрін өздері басқарғысы келеді. Мұғалімнің көп уақытын ұзақ әрі пайдасыз ұрыс-керіске тартады. Бұны құдды бір сыныптың қуанышына орай жасайтын секілді. Мұндай оқушыға дауыс көтермей-ақ, ашуға ерік бермей-ақ, жай ғана былай дей аласыз: «Әзір ғана айтқаныңды ұнатпай тұрмын. Егер маған ашулы болсаң, ашуыңды басқалай жолмен білдір. Болмаса, сені тыңдамаймын».

* * *

Ата-аналарға арналған сұрақтар:

Бала қанша жасқа келгенде ата-анасы оған хат жаза алады?

Бір қызығы, хат әріп танымайтын балалардың өзіне жақсы әсер етеді. Бір әйел оның қызының таңертең балабақшаға бару үшін ұзақ уақыт жиналатынын айтты. Бір күні анасы қызын жанына отырғызып алып, балабақшаға бармас бұрын не істеу керектігін тізіп жазып береді. Тізімдегі тапсырмалардың (тіс жуу, шашын тарау, таңғы асын тез ішу т.б.) жанына да суреттерін салып қояды. Сол күннен бастап қызы балабақшаға жиналу үшін тізімге қарап, әдетегіден жылдам жиналатын болған. Бір күні ол мақтанышпен суреттерді жауып тұрып, тізімді оқып, әкесін таңқалдырады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 80 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: