08:52
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Мұғалімдердің сұрақтары:

Сіз, балалардың теріс қылық тудыратын сезімдерін өздері түсініп, қабылдау керек деп айтасыз. Бірақ оқушылар мұндай қарым-қатынасты соз сезімдерін сыртқа шығаруға рұқсат деп теріс түсініп қалмай ма?

Жоқ. Егер сізге сезім мен қарым-қатынастың арасында нақты шекара белгілей алу бақыты бұйырса, жауабы «жоқ» болады. Иә, оқушылардың ашулануға және оны білдіруге құқығы бар. Алайда олар адамдарға физикалық немесе эмоционалды зиян келтіретіндей дәрежеде әрекет етуге құқылы емес. мысалы, Дэвидске: «Сіз Майклмен өте дөрекі болдыңыз, тіпті оны ұрмақ болдыңыз. Дэвид, мен шәкірттерімнің бір-бірімен соғысуына жол бере алмаймын. Майклға өз сезімдеріңізді жұдырықпен емес, сөзбен білдіріңіз» дейді.

* * *

Ата-аналарға арналған сұрақтар:

Бмен үнемі қызымнан сыпайы түрде өтініп сұраймын. Мен: «Өтініш, тездете ғой, әйтпесе мектепке кешігіп қаласың» немесе «Теледидарды өшіріп, шығармаңды жазшы, өтінемін». Бірақ ол менің сөздерімді құлағына да ілмейді. Бұндай жағдайда қандай кеңес берер едіңіздер?

Ересектер көбінесе тікелей бұйрықтарын «өтінемін» деген сөзбен сыпайы түрде алмастырмақ болады. Бірақ балалар бұл сөздерді құлағына да қыстырмайды, өйткені оны бұйрық деп қабылдағаннан қырсығып тыңдамайды. Ал ата-аналары болса оған ашуланады. Ең жаманы – осы «сиқырлы сөздерді» балалар өз айтқанын істету үшін ата-аналарының өздеріне қолданады: «Анашым, сіз менімен бірге дүкенге баруыңыз керек, дәл қазір. Өтінемін! Мен «өтінемін» дедім ғой». Өзара түсіністікке әртүрлі жолмен қол жеткізуге болады. Біз «өтінемін» сөзін қатты сезімге берілмеген, керісінше, қарапайым сыйластықты көрсететін эағдайларда ғана қолдануға кеңес береміз: «Өтініш, нанды беріп жіберші».

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 83 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: