07:24
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

ОҚУҒА ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ ЖОҒАЛСА...

- Бұл түкке керегі жоқ, тарих қызық емес.

- Жоқ, бұл өте қызықты.

* * *

- Мен оқығанды жек көремін.

- Жоқ, олай емес. сен керемет оқисың!

* * *

- Бұл жерде сөздер тым көп.

- Сен жай ғана оқымақсың. Негізінде сөздер өте жеңіл.

* * *

- Бұл өте қиын.

- Ең құрығанда сен тапсырманы жасауға тырыспадың. Сен жалқаусың.

Кітап оқуға шын ықыласы болмаса баланы күштеп те, алдап та оқыту мүмкін емес. егер баланың сол сәттегі пәс көңіл-күйімен санаспай «оқы» деп желкелесеңіз, онда балада оқуға деген қызығушылық мүлдем жоғалады.

 

КӨҢІЛ-КҮЙДІҢ СИПАТЫН АУЫЗЕКІ СӨЗДЕРМЕН АЛМАСТЫРЫҢЫЗ

- Бұл түкке керегі жоқ.

- Тарих сабағынан кейбір тараулары саған ұнамауы мүмкін.

* * *

- Бұл іш пыстырарлық. Бетти Росста елдің не шаруасы бар?

- Иә, бұл тұлға саған қызық емес секілді.

* * *

- Жоқ, маған жылқы мен ит жайлы оқиға ұнайды.

- Сен жануарлар жайлы кітаптарды ұнататын сияқтысың.

* * *

- Иә, бұл кітапты бітірген соң басқа кітап аламын. Ол да иттер туралы.

- Мен саған кітап таңдауға көмектесейін. Кітапханаға да бірге барайық.

Жағымсыз көңіл-күйіне түсіністікпен қарап, жылышырай таныта сөйлесіңіз, бала өзі-ақ оқуын ынтамен жалғастырады.

* * *

Ата-аналардың сұрақтары:

Жеті жасар ұлым Билли үй тапсырмасын орындаған кезде жиі ашуланады. Егер ол тапсырманы шеше алмаса, алдындағы парақты алып еденге лақтырады немесе қарындашын сындырады. Бала бойындағы жағымсыз энергияның осындай көрінісін қалай жеңуге болады?

Ата-анасының бірі Биллиге өз сезімдерін түсінуге және олармен күресуге көмектесуі керек. «Жауап таба алмаған кезде, шынымен ашуланатын боласың! Билли, сенің бәрін жыртып, лақтырғың келетінін түсінемін. Өзіңді осылай сезінгенде: «Әке, қатты ашуым келіп тұр! Сіз маған көмектесе аласыз ба? « деп сұрай аласың. Мүмкін, содан кейін біз үй тапсырмасын бірге жасаймыз».

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 98 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: