20:25
Бабадан қалған асыл сөз

МАҚАЛ-МӘТЕЛ – МАРЖАН СӨЗ, ҚОСА КӨРМЕ АРЗАН СӨЗ

Іргесі берік елді – жау ала алмас,

Аузы бір елді – дау ала алмас.

* * *

Ел іші – алтын бесік.

* * *

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей болмас.

* * *

Елін сүйгеннің еңсесі биік.

* * *

Ат үйірін сағынса,

Артқы аяғына қағынар.

Ер үйірін сағынса,

Айыл-тұрман тағынар.

* * *

Елінен безген ер оңбас,

Көлінен безген қаз оңбас.

* * *

Кісі елінде күркірегенше,

Өз еліңде дүркіре.

* * *

Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

* * *

Есі бүтін елінен шықпайды,

Елінің қырын жықпайды.

* * *

Шетте жүрсең тарығарсың,

Туған жерді сағынарсың.

* * *

Туған үйдің түтіні жылы,

Туған ананың күтімі жылы.

* * *

Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып-өскен ел қымбат.

* * *

Отанды сүю – отбасынан басталады.

* * *

Атамекен – анаң екен,

Қысылғанда панаң екен.

* * *

Жат жерде жаның қиналса,

Ел қадірін сонда білерсің.

Жұтым суға зар болсаң,

Көлқадірін сонда білерсің.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 168 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: