09:13
Бабадан қалған асыл сөз

ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА

МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ (1804-1846 ж.ж.)

Қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында дүниеге келген. Езілген елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған күрескер ақын 1836-1838 ж.ж. Исатай Тайманұлы бастаған азаттық қозғалысының жалынды жыршысы, белді сарбазы болған. Қайраткер тұлға еліне, халқына шын берілген азамат ақын ғана емес, айтулы күйші ретінде де танылған. Оның «Өкініш», «Жұмыр қылыш», «Қайран Нарын» сынды өзге де күйлері халық арасында кең тарап кетті. Ұлт азаттығы үшін күрескен есіл ақынның өлең-жырларының басты тақырыбы – ел теңдігі, бостандық, әділеттік, әйелдік жолындағы күрес.    

Халық қозғалса – хан тағында тұра алмас.

* * *

Халық үшін қан төгем деп,

Қараны ханға теңеп берем деп.

Ол мақсатқа жете алмай,

Дегенімді ете алмай,

Қор болдық-ау, шырақ-ай!

* * *

Еңбек етіп ел үшін,

Соңымда бір қалған халқыма,

Артымда бір атақ, даңқ қалды-ау.

* * *

Қапыда кеткен дүние-ай,

Ақырында еш болды-ау,

Ел үшін еткен еңбегім.

* * *

Аламанға жел бердік,

Аса жұртты иеңгердік.

Қара қазақ баласын

Хан ұлына теңгердік.

* * *

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

* * *

Еділ үшін егестік...

Жайық үшін жандастық,

Қиғаш үшін қырылдық.

* * *

Жатып қалған тайлағы

Жардай атан болған жер.

* * *

Ел үшін қылыш сермедік.

* * *

Тоқсан тарау су ақса,

Дария болар сағасы.

* * *

Туған ұлдан не пайда – қолына найза алмаса, ата жолын қумаса.

* * *

Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу тусайшы, атаның кегін алсайшы!

* * *

Алаштың байлығынан не пайда – қайыры оның болмаса.

* * *

Бұл дүниенің жүзінде

Айдан көркем нәрсе жоқ –

Түнде бар да, күндіз жоқ.

Күннен көркем нәрсе жоқ –

Күндіз бар да, түнде жоқ.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 208 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: